Bugin

Ринат Зайытов билікке не себепті келгенін ашық айтты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілістің кулуарында депутат Ринат Зайытов сұрақтың астында қалды. Ақын журналистердің сұрағына ашық жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сіздер билікті кресломен есептейсіздер. Мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Онымен келісетін шығарсыздар?! Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейміз. Оның нәтижесінің қандай болатынын бір Құдай біледі. Әр мәселе әртүрлі шешілу керек. Кейбір жерде келісетін, кейбір жерде талқылайтын сәттер болады. Бастысы халыққа зияны тимеу керек.

Мен Қазақстанның дамуын һәм өркендеуін қолдаймын. Белгілі бір адамдарды, топтарды қолдайтын адам емеспін. Осының аражігін ажыратып алыңыздар. Депутаттарда «мен Президентті қолдаймын, мен мына министрді қолдаймын» деген болмауы керек, – деп жауап берді Ринат Зайытов.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.