Спорт

"32 жеңісі бар": Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі туралы тың дерек шықты. Бұл туралы Жәнібектің менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!, - деп жазды ол.

Еске салайық, Жәнібек кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қарашасында өткізіп, төрешілердің шешімімен британдық Дензел Бентлиден басым түскен еді.