Bugin
Дәрігерлер астанада екі апта бұрын намаз кезінде бірнеше рет пышақ жарақатын алған имам Муслухаддин Надыров ауруханадан шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Науқас үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оның толық сауығып кетуіне уақыт керек, - дейді №3 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.
Муслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен қызметкерлеріне оның өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс айтты
Мен ауруханаға жеткенде есімді білмегем, 14 жерден пышақ жарақатым болған. Дәрігерлер мені о дүниеден алып шықты, - деді ол.
Еске салайық, 14 наурызда Астанада ер адам имамды пышақтап кеткен еді.