Bugin

Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтыл ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 24 наурызда болған. Белгісіз ер адам әкімді жұмыс орнында пышақтаған. Әкім ауруханаға жатқызылды.

Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында "шизофрения" диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.