Өнім

Әлеуметтік желіде құмар ойын ойнағандар сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы тұрғындары "TikTok" әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді. Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.