ДАМУ
Солтүстік Кореяның көп нәрсеге тыйым салған ел екенін білмейтін адам жоқ шығар. Bugin.kz порталы сізді шынымен таң қалдыратын Солтүстік Кореяның 3 тыйымын ұсынады.
- Елде көлік жүргізу және көлікке иелік ету үкіметтің бақылауында болады. Көліктерді тек мемлекеттік қызмет атқаратын ер адам ғана иелене алады.
- Солтүстік Кореяда өзіңіз қалаған стильде сәнді киініп жүре алмайсыз.
Оған қоса, бұл елде тар шалбар мен былғары күртеше киюге тыйым салынған. Ал шашыңызды тек мемлекет белгілеген үлгіде ғана қия аласыз.
- Елдегі ерекше тыйымдардың бірі - діни сенімнің мемлекет бақылауында болуы. Оның үстіне үйлерде қасиетті кітаптардың болуына да тыйым салған.