ДЕНСАУЛЫҚ

Ораза ұстаған жан білуге тиіс 5 ереже

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рамазан айында ораза ұстаған жандар 14 сағат ашығады. Ал қалған он сағатта тамақтана беруіне болады. Алайда көпшілігі ауыз ашқаннан кейін шектен тыс көп тамақ ішіп қойып, ішкі ағзасының қызметін бұзып ала жатады. Bugin.kz порталы ораза ұстаған жан білуге тиіс 5 ережені ұсынады.

Құрма. Ораза кезінде дастарханыңызда міндетті түрде құрма тұрғаны жөн. Өйткені ол асқазан, ішек жолдарының жұмысын күшейтуге көмектеседі. Асқазаны ауырып, іші желденіп кете беретін жандар да құрманы жеу керек. Сондай-ақ сүйек тіндерін жақсартады, әсіресе, остеопороздың алдын алады. Себебі оның құрамында калий, магний, кальций секілді сүйекке пайдалы минералды заттар бар.

100 грамм құрмада 290 калория бар. Сондықтан күніне 5-6 құрма жеуге болады.

Фото: atpress.kz

Фото: atpress.kz

Су. Тамақтанбас бұрын бір стақан жылы су ішіп, құрма жеуге кеңес береміз. 20 минут өткен соң ғана ас іше берсеңіз болады. Өйткені, қарныңыз ашып тұрған сәтте бірден қою тамақ ішіп кетсеңіз, асқазан мен ішек жолдарының жұмысы нашарлайды.

Жалпы ауыз ашық уақытта көбірек су ішкен жөн. Өйткені ағза күнделікті су мөлшерін қажет етеді.

Фото: FAKTILER.KZ

Фото: FAKTILER.KZ

Көкөніс. Ораза кезінде кез келген ыстық тамақтың жанында көкөністерден жасалған салат тұрғаны жақсы. Құрамында ақуыз, көмірсу, майлары бар көкөністер сізге күш-қуат беріп, ашығудың алдын алады.

Брокколи, қызанақ С дәруменіне бай. Баклажанның құрамында токсиндермен бірге артық сұйықты кетіруге көмектесетін талшықтың көп мөлшері бар. Сонымен қатар пектин, белоктар, калий, кальций, фосфор, темір, магний, натрий, С, В1, В2, В5, РР дәрумендеріне өте бай.

Құрамы минералды заттар мен дәрумендерге бай шпинат, салат жапырағы, руккола, қытай орамжапырағы сынды шөп-шалаңды да мүмкіндігінше жиі қолданыңыз.

Фото: METRO

Фото: METRO

Бас тартыңыз! Рамазан айында тым тәтті не тым ащы тамақтардан, фаст-фудтан бас тартқан жөн. Себебі ұзақ уақыт ашығып жүрген ағзаға тәтті кондитерлік өнімдерді, өте майлы, қуырылған әрі ұннан жасалған тағамдарды қорыту қиынға соғады.

Қарным ашты екен деген иллюзияға алданбаңыз. Жоғарыда аталған пайдалы тағамдардан кейін 15-20 минут күтсеңіз, миыңыз тойғанын біледі.

Фото: LiveJournal

Фото: LiveJournal

Жүру. Ораза кезінде көп жүрген жөн. Кешкі асты ішіп-жеп болған соң, ұйықтап қалсаңыз, денсаулығыңызға екі есе зиян келеді. Сондықтан ауызашардан соң, 5 000-10 000 қадам жүруге тырысыңыз. Ішкен-жеген тамағыңыз да қорытылады әрі спортпен де айналысасыз. Бұдан кейін жеңіл ұйықтайсыз.

Фото: Repost.uz

Фото: Repost.uz