Bugin

"Осы жолғы сайлау тонау болды" - Берік Дүйсенбинов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақжолдық экс-депутат Берік Дүйсенбинов биылғы Парламен Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы туралы ойын айтты. Бұл туралы Qaz365.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

28 наурыз Орталық сайлау комиссиясында Мәжіліске өткендерге депутаттық мандат үлестірілген болатын. Жаңадан сайланған депутаттармен қатар өтпей қалған жақтастары да төбе көрсетті.

Сайлау әділ өткен жоқ. Бұрынғы сайлау ұрлық болса, осы жолғы сайлау тонау болды, – деді ол.

Сондай-ақ, не себепті тізімге енбей қалғанын партия ішіндегі мәміле шешім деп түсіндірді.

«Ақ жол» партиясының атынан 6 орын алдық. Аймақтарда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматтар бар. Соларға орнымызды бердік, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ары қарай да партия жұмысын жандандырамыз, – деді ол.