ДАМУ

Gallup: Адам бойындағы талантты қалай анықтауға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Gallup адам бойындағы талантты анықтауға көмектесетін тест. Тестті қалай тапсыру керек? Қанша сұрақ болады? Нәтижесі қалай болады? Осы сұрақтардың жауабын Gallup тестінің нәтижесін талдаушы Данияр Жігітбектен білдік.

Данияр тестті бос уақытта, ешкім мазаламайтын жерде тапсырған жөн деп санайды. "Қалай тапсыру керек?" деген сұраққа былай жауап берді:

"Gallup айтына кіріп, ақысын төлейсіз. 177 сұрақ болады. Әр сұраққа 20 секунд, жалпы 35 минут береді.

"Саған ыдыс-аяқ жуған ұнай ма, әлде кітап оқыған ұнай ма?", "Саған тарих ұнай ма, әлде болашақ ұнай ма?" деген секілді өте оңай сұрақтар болады. Екеуінің бірін таңдауға не нейтралды жауап беруге болады. Оған арнайы білім алып дайындалудың қажеті жоқ".

Фото: Bugin.kz

/>
Фото: Bugin.kz

/>

Gallup институтының тұжырымы бойынша, әр адам 34 таланттан (бейімділік) тұрады.

"Тест тапсырған соң, нәтижесі шығады. Қандай қабілет басым екені тізіммен көрсетіледі. Оны кейін арнайы талдатсаңыз да болады.

Тест қорытындысынан соң, әр адам өзінің не нәрсеге бейім екенін біледі. Мәселен, менде learner қабілеті басым болып шықты. Яғни, мен үйреніп әрі үйретуге бейіммін. Кейде екі адам бір әрекет істейді. Бірақ себебі екі түрлі болуы мүмкін. Соны Gallup айтып береді. Мәселен, менің балам ит-мысықты ұстамайды, белгілі бір ортаға бірден кіріп кетпейді. Мұндайды басқа біреулер қорқақ, сенімсіз деп сипаттауы мүмкін. Ал, Gallup-тың көзімен қарасам, сақтық деген талант бар. Бұл қабілет кез келген нәрседен алдын ала сақтану жүретін жандарға тән. Мінекей, менің баламда да осы талант болуы мүмкін. Өйткені, өзімде бұл қабілет 5-орында тұр. Сонда Gallup тапсыру арқылы сіз өзіңіздің сезім, ой, әрекетіңіздің мотивін, яғни себебін түсіне бастайсыз", - дейді маман.

Данияр аталмыш тесттің нәтижесі қаншалықты шынайы екенін де айтып берді.

"Осы кезге дейін 100-ге жуық тестті тапсырған адаммен сөйлестім. Олардың 80-90 пайызынікі дәл келді", - дейді ол.

P.S. Gallap тестінің нәтижесін талдатқыңыз келсе, Данияр Жігітбектің арнайы телеграм арнасы бар. Онда әр таланттың жеке-жеке түсіндірмесі жазылған.