Bugin
Жамбыл ауданында 8 жасар баланы зорлады деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалған. Арызданушы баласын 2011 және 2008 жылғы жасөспірімдердің ауыл шетінде қорлағанын айтқан.
Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ 27 наурызда тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.