ДАМУ
Еркебұлан Әріпбай трейдиңмен 2018 жылдан бері айналысады. Бүгінде инстаграм-парақшасында бұл іспен қалай айналысуға болатынын көрсететін ашық портфель жүргізеді. Cондай-ақ қаржылық сауаттылық, акция, биржа, облигация, инвестиция, трейдиң туралы қарапайым тілде түсіндірілетін блогымен белгілі.
"Сатып алу және ұстап қалу" стратегиясын қамтитын инвестициялаудан айырмашылығы, трейдиң активтерді иелену емес, сатып алу және сатудан барынша пайда алу болып табылады. Сауда табысы бірден емес, уақыт өте келе пайда табу мүмкіндігіне байланысты. Бүгінде бұл салаға қызығушылық танытатындар көп. Сондықтан
Трейдиң инвестициямен 18 жасқа толған кез келген адам айналыса алады. Себебі брокерлік шотты тек 18 жастан бастап аша алады. Инвестиция салу үшін арнайы жоғары білім қажет емес. Қажетті анализдерді үйренуге болады. Кез келген мамандықтың адамы үйреніп кете алады дей аламын,– дейді Еркебұлан Әріпбай.
Дегенмен трейдиңмен айналысқысы келетіндердің басты қорқынышы – салған ақшасынан айырылып қалу.
"Тәуекел, қауіп – қатерді анықтай алу мүмкін емес. Ешкім болашақты болжай алмайды ғой. Бірақ болжай алмаған күннің өзінде тәуекелді шектей аламыз. Мысалы, "менің максималды жоғалтатын ақшамды осындай, егер жоғалтып бара жатқанда да шамамен осынша ақша таба аламын" деп алдын-ала белгілеп алуға болады. Акцияның өсіп-түскенін болжау – өте қиын процесс. Оны болжағанға қарағанда біз қозғалысқа реакция береміз. Өсіп жатқан акция болса, соны сатып аламыз. Құлап жатқан акцияның құлауынан ақша табамыз. Алдын-ала "мына акция мынау күні құлайды" дегенді әлемде ешкім айта алмайды.
Қомақты ақша салып, ақшасынан айырылып қалатындар да бар. Оған басты себеп – қомағайлық. Кейбір адамдар ақшаны жылдам тапқысы келеді. Ондай адамдар кез келген салада барлық ақшасынан айырылып қалады. Мысалы бизнесте де қомақты сома салып, ақшасын бір–екі күнде көбейткісі келсе, ол ақшасынан айырылады. Барлық салада дерлік жылдам табысқа жеткісі келетіндер ақшасынан айырылып қалуы заңды. Трейдинг те де солай", – дейді трейдер.
Еркебұлан Әріпбайдың трейдинг пен инвестицияны енді бастағандарға кеңесі:
Мүлде қорықпау
Үйрену
Зерттеу
Акция туралы жаңалықтарды көбірек оқу
Брокерлік шот ашып, бір жұмыс жасап көру
Инвестицияны аз сомамен бастай беруге болады. Мәселен қолыңызда бар 500 – 1000 теңгемен де бастай аласыз. Ал алып – сатуды көбірек ақшамен бастаған жөн.
Табысты трейдерлердің бойында болуы керек ең басты қасиеттер?
Сабыр болуы керек. Аз – аздан үздіксіз дегенді ұғыну керек. Жылдам табысқа ұмтылудың қажеті жоқ.
Эмоцияны бақылау алу қажет. Ол қуанышты, жақсы эмоция болса да немесе қорқынышты, жаман эмоция болса да оны бақылауға алған жөн. Келісімге (сделка) эмоцияны араластыруға болмайды.
Анализ жасай білу керек. Егер білмейтін болса үйрену керек.
Трейдер Microsft, Meta, Coca Cola, KHC, AMD, Apple компанияларының акцияларын ешқашан сатпайтынын айтады. Оған себеп те жоқ емес.
"Бұл акцияларды сатпаймын деуімнің себебі – бұл акциялар жылдар бойы өздерін дәлелдеген. Баяу немесе жылдам өсуі мүмкін, әрине. Бірақ алдағы уақытта да өсе беретініне сенімдімін" – дейді маман.
Еркебұлан Әріпбай бүгінде трейдиңді жете түсіндіретін арнайы курстарын да сатады. Егер дұрыс анализді үйреніп алсаң үлкен жетістіктерге жетуге болады. Мәселен, шәкірті Досымжан 3 күнде 1 200 000 тапқан.Бірақ басты ереже асықпау керек екендігін және жылдам табысқа ұмтылмауды ескертеді.