Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған.

3 Б шағынауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.

Анықталғандай,«Chevrolet Cruzе» жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды, - делінген баспасөз мәліметінде.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61