Bugin
Эндокринолог дәрігер Арман Әлібеков рамазан айында кімдерге ауыз бекітуге болмайтынын ескертті. Бұл туралы ол «Оян» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тағамтануда интервалды ашығу деген бар. Аптасына бір-екі күн осы әдісті қолданатын болса, ағза токсиндерден тазарады, асқазанның жұмыс істеуі қалыпқа түседі. Ал отыз күн бойы аш жүру кейбір адамдарға тыйым салынады.
Әсіресе, асқазанның ойық жарасы, гастриті бар, анемия мен қант диабетіне шалдыққан жандардың ашығуына болмайды.
Сондай-ақ енді жетіліп келе жатқан ағзаға да бұл керек емес. Ауыр болады. Дәрігер ретінде, балаларға және созылмалы дерті бар жандарға ораза ұстауға кеңес бермеймін. Негізі адам оразаны ағза толық қалыптасқан соң, яғни, 18 жастан асқан соң ұстаған дұрыс. Дәрігер ретінде осылай кеңес беремін, – деді эндокринолог дәрігер Арман Әлібеков.