Білім және ғылым

Алматыда балаларды бірінші сыныпқа тіркеу басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныпқа тіркеу басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Бұл ретте өтініш берушінің мектепте болуы талап етілмейді. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да беруге болады. Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет көрсету Типтік ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды бастайды. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан мектепке (шағын учаскеге) қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларға қолжетімді болады. Сондай-ақ, балаларды өздерінің шағын учаскелері бойынша мектепке ғана емес, бос орындар болса, кез-келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.

Еске салсақ, көрсетілетін қызметті алушының мектепке қабылдау жөніндегі қызметті алуға өтінім беруі үшін тұрғылықты жерін растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет (тек заңды өкілдер үшін, 14 жасқа дейінгі балаларға тіркеу талап етілмейді).