Bugin

"Сырғанап кеткен": Тауға барған үш туристің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының құтқарушылары тауда 3 туристі құтқарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16:35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түсті. 

"3 адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкінінен бір турист төменге қарай сырғып түскен. РЖҚЖ-ның 5 құтқарушысы мен Алматы құтқарушылары адамдарға көмекке аттанды" делінген хабарламада.

Құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61