Bugin

Бүгін елдегі бірнеше қалада ауа ластанады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 3 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады" делінген "Қазгидромет" РМК-сы таратқан ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.