Саясат

Зейнеттегі Бердібек Сапарбаевтың немен айналысып жүргені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зейнетке шыққан Бердібек Сапарбаев президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқиды. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері Facebook желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Сонау 2018 жылдың сәуір айында басылым беттерінде менің "демалысқа шыққанда жастарға сабақ берсем деймін" деген ойым жарық көрген екен.

Сол ойымды 53 жылдық жұмыс өтілімді аяқтаған соң, мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының білім алушыларына арналған дәрістерімнің аясында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым" делінген жазбада.

Сапарбаев өз кезегінде осы бағыттағы жұмысын одан әрі де жалғастыратынын жазған.