Bugin

Екібастұзда 6 ай бұрын жоғалып кеткен адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2 сәуірде Екібастұз қаласында 6 ай бұрын жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"2 сәуір сағат 17:20 шамасында Екібастұз қаласындағы "Союз" саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су каналында 2022 жылы 13 қазанда  жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының, зорлықсыз, өлімнің сыртқы белгілерінсіз мәйіті табылды" делінген хабарламада.

Оқиға орнынан жоғалған адамның атына смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді.  Мәйітті әкесі таныды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61