Bugin

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды: Зардап шеккендер бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 сәуірге қараған түні Әбілқайыр хан даңғылында болды.

"Шамамен сағат 00.20-да 33 жастағы жүргізуші "ВАЗ-2114" автокөлігімен С.Тюленин көшесімен қиылыста солға бұрылу кезінде жол ережесін бұзған. Сөйтіп 26 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне жол бермей, түйіскен. Соның салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады ведомстводан.