Спорт

GGG неге Канеломен үшінші жекпе-жекті өткізу керек?

Жекпе-жек міндетті түрде өтеді

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританиялық танымал промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек міндетті түрде өтетінін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

Головкин мексикалық боксшы Альвареспен ең бірінші жекпе-жегін 2017 жылдың басында қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena алаңында өткізген болатын. Араға бір жыл сала дәл сол алаңда екінші жекпе-жек өтіп, қазылар алқасының шешімімен "Канело" жеңген болатын. Головкин бокс карьерасында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды. Кейінірек екі боксшы да үшінші қарымта жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген еді.  

"Головкин қандай шешімді қабылдаса да, ол үшін ең тиімдісі "Канеломен" жұдырықтасу. Дәл осы жекпе-жекке теңесетін басқа жекпе-жек болмайды. Жұрт Муратамен өтетін жекпе-жек туралы айтып жатыр. Алайда ол жеңіліп қалды. Сондықтан ол үшін "Канело" ең тиімді шешім. Бұл жекпе-жек оған бес, алты тіпті жеті есеге көп пайда әкеледі. Егер ол DAZN алаңына келсе тіптен қуанар едік", - деп келтірді BoxingScene.com басылымы Хирннің сөзін.