Әлем
Өзбекстандағы Ташкент тұрғыны үш баламен тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Podrobno.uz сайтының мәліметінше, ол алдымен ұлдарын итеріп жіберген. Сосын қызын қолына алып, онымен бірге секіріп кеткен. Ана да, балалар да аман қалмады. Өзбекстанның бас прокуратурасы жантүршігерлік қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр.
"Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20-да көпқабатты үйлердің бірінде болды. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұратын 27 жастағы әйел белгісіз себептермен үш баласын - екі ұлды (4 және 5 жаста), сондай-ақ, бір жасар қызын жатын бөлмесінің терезесіне апарған. Алдымен ол ұлдарды терезеден лақтырып жіберген, содан кейін қызды алып, онымен бірге секіріп кеткен" делінген хабарламада.
Қазір тәртіп сақшылары жантүршігерлік әрекеттің себебін анықтап жатыр.