Bugin
Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болғаны хабарланды. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.
Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
"Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға бір айдан аса уақыт бұрын – биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмтыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатырә, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство өкілдері тергеу аясында егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайтынын айтты. Оқиғаға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталған.
ВИДЕОНЫ МЫНА ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР