Bugin
Жер бетінде құпия қаншалықты көп болса, толық зерттелмеген адам ағзасы да соншалықты сырға толы. Ең саналы тіршілік иесі деп бір түрге жатқанымен, әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтындығымен бөлек.
Алкей адамадар ерекше қабілеттері және сирек кездесетін дерттердің әсерінен тіпті өзгешеленеді. Bugin.kz порталы жаратылысы ерекше 5 адамның тізімін жасады.
Сұлтан Кесен
Сұлтан Кесен - Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзын адам. Оның бойы 251 см-ді құрайды. Сұлтанға он жасында гипофиз ісігі диагнозы қойылғаннан кейін өмірі күрт өзгереді. Дәл осы сирек кездесетін аурудың әсерінен Сұлтан өте тез өсе бастайды. Бір жыл сәулелік терапиядан кейін оның өсуін баяулату мүмкін болған. Арнайы ем әсер етіп, Сұлтанның өсуі 251 метрге келгенде тоқтайды.
Бүгінде ол түрлі телевизиялық бағдарламаларға қатысып, бақташылықпен айналысып күн көреді. Сұлтанның денесі тым салмақты болғандықтан, омыртқасы мұндай ауыр жүкке шыдамайды, сондықтанбалдақпен жүруге мәжбүр. Ол 2014 жылы сол кездегі әлемнің ең қысқа адамы Чандра Дангимен жолыққан болатын.
Вим Хоф
"Мұз адам" деген атпен танылған неміс спортшысы қатты суыққа төтеп бере алатынымен ерекшеленеді. Бірнеше жыл бұрын жүргізілген зерттеу оның ерекше тыныс ала алатынын және жүйке жүйесінің белсенділігін арттыру үшін денедегі адреналин деңгейін жоғарылату арқылы дене температурасын басқара алатынын көрсетті.
Оның ең таңғажайып жетістігі Финляндияда өткен марафон, ол мұзды суда 1 сағат 52 минут тұрған. Сонымен қатар ол тек спорттық шорты киіп Эверест шыңына көтерілген. Басқалар, мысалы, альпинистер ол жерге көтерілу үшін жылдар бойы дайындалады, ал Хофф мұны жалаңаш дерлік жасаған.
Гарри Тернер
Гарри Тернер - әлемдегі ең созылмалы терінің иесі. Ер адам өзінің терісінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Көрсетілімдердің бірінде Гарри ішіндегі теріні 16 см-ге соза алған.Бұл жағдай сирек кездесетін Элерс-данлос ауруы, ол байламдардың, терінің және ішкі ағзалардың дәнекер тіндерін зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері Гарридің бойында 4 жасында пайда болған. Бүгінгі күні Гарри - қорқынышты цирктің жұлдызы, әрі таланттар шоуының, «Біртүрлі адамдар» шоуының қатысушысы. Бірақ, Гарриге теріні созу кезінде абай болу маңызды, егер қан тамырлары жарылып кетсе, Гарри мерт болуы мүмкін.
Мишель Лотито
Мишель Лотито ХХ ғасырда бүкіл әлемді өзінің велосипедтерді, теледидарларды, темір арбаларды және т.б. дүниелерді жей алатын ерекше қабілетімен таңдандырды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жансыз заттарға тәбетті оятатын психологиялық жағдай – "Пика" деп аталатын сирек ауру. Мишель Лотитоның денесін тексерген дәрігерлер оның ас қорыту жүйесі осындай экзотикалық тағамдарға бейімделген деп мәлімдеді. Мишельдің асқазанының шырышты қабаты қалыпты адамдардікінен 2 есе қалың екені белгілі болды.
Лотито материалдың зиянды болуы мүмкін болса да, оны тұтынудың теріс әсерінен зардап шекпегенін мәлімдеген.
Мишель 2007 жылы 67 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған.
Джейф Дэйб
Джейф Дэйб - ерекше үлкен қолдардың иесі. Ол үлкен қолдармен дүниеге келген, бұл оны қарапайым адамдардан айтарлықтай ерекшелендіреді. Себебі, оның қолдары денесіне пропорционалды емес. Дәрігерлер әлемдегі ең ерекше қолдардың иесінде бірнеше патология нұсқалары бар деп күдіктенеді:
аяқ-қолдардың гигантизмі;
Протей синдромы;
макродистрофия;
Джейфтің білек аймағы 49 см, ер адам көптен бері армрестлингпен айналысады әрі өзін өте жақсы сезінетінін айтады. Бұл спорта ол аңызға айналып үлгерген.
Эдвард Эрнандес
72 см бойдың иесі Колумбиялық Эдвард Ниньо Эрнандес Гиннестің рекордтар кітабынан әлемдегі ең қысқа адам ретінде сертификат алған.
Ер адам алғаш рет 2010 жылы ғаламшарымыздағы ең кішкентай адам атанған. Алайда, көп ұзамай бұл атақты 66 сантиметр болатын Непал тұрғыны Хагендра Тапа Магар, 54 сантиметр бойымен Чандра Данг алған болатын.
Дегенмен, араға жылдар салып Хагендра мен Чандра қайтыс болған соң, бүгінде рекорд қайтадан Эрнандеске тиесілі болды.