Bugin
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді, - делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
Сонымен қатар кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланғаны айтылады.