Bugin

"Тегін ас мәзірі": Kundelik порталына қатысты қылмыс анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Kundelik порталында тегін ас мәзірін ақылы орналастырғаны үшін жеті облыстағы мектеп асханаларына айыппұл салынғанын мәлімдеді. Білім басқармалары кәсіпкерлерге мәзір фотосуреттерін ақылы түрде орналастыруды ұсынған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Дерекке сүйенсек, 400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер 9 млн теңгеге жуық қаржы төлеген.

Заңсыз әрекет Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда Павлодар облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында тіркелген. 

Заң бойынша ас мәзірінің суреті Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы N598 бұйрығына сәйкес мектептің интернет-ресурсында тегін жариялануға тиіс болған.

Қоғамдық тамақтандыру қызметін жеткізушілер, Білім министрлігі, елорда әкімдігінің және "Kundelik " ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен жиыннан кейін ас мәзірін тегін орналастыру туралы шешім қабылданды.

Жиын қорытындысында Білім министрлігі де барлық мекемелерге төлемнің алдын алу туралы хат жолдады.