Bugin
️Жетісу облысының тұрғыны мас күйінде көлік айдап, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, жол апатынан бір адам қайтыс болған.
4 сәуірде Панфилов ауданында Mitsubishi Galant автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рөлді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соғысқан.
"Ауруханаға жеткізген кезде көліктегі 37 жастағы жолаушы қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Анықталғандай, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған, бұл медициналық куәландырумен расталады" делінген хабарламада.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Жол апатына кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр.