Саясат

Тоқаев Тасмағамбетовті не үшін қабылдағаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді" делінген хабарламада.

Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды.