Саясат

Арқанкерген оқиғасы: Челахтың ісіне қатысты тың ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов өмір бойына сотталған Владислав Челахтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

"Челахтың ісіне қатысты Бас прокуратурадан ҰҚК Шекара қызметіне ешқандай өтініш түспеді. Құжаттар да түскен жоқ", - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Сондай-ақ ол қазір "Арқанкерген" шекара бекеті жұмыс істемейтінін атап өтті.

"Қазір ол жұмыс істеп тұрған жоқ. Шекара бекеті тек жазда жұмыс істейді", - деді Алдажұманов.