Bugin

Jibek joly телеарнасынан "Ана болғым келеді" бағдарламасы көрерменге жол тартады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7 сәуірден бастап Jibek joly телеарнасынан танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Ана болғым келеді" бағдарламасының алғашқы саны эфирге шығады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жоба туралы: 
2022 жылы Ләйлә Сұлтанқызы «ECOMED» орталығымен бірлесіп, игі іс жасағысы келетін демеушілерді тарта отырып, «Тегін ЭКО» инстажобасын жүзеге асырды. Түрлі себеппен (денсаулығына байланысты, анализдің дұрыс келмеуі т.б.) квотаға іліне алмаған әйелдерге тағы мүмкіндік беріп, 500-ге жуық өтінімнің ішінен 5 келіншекті таңдап, тегін ЭКО жасады. Жобаның әр сәті, әйелдердің басынан өткізген әр оқиғасын жоба авторы Ләйлә Сұлтанқызы өз парақшасында live форматта бөлісіп отырды. Нәтижесінде, төрт кейіпкеріміз ЭКО-ның бірінші процедурасынан жүкті болып, ана атанды. Қызылордалық Айнұр есімді кейіпкеріміз тек үшінші рет жасалған ЭКО-дан көтеріп, қазіргі кезде жүктіліктің бесінші айына аяқ басты. Ата-ана атанғысы келетін жандардан мыңнан аса хат келуіне байланысты, бұл бағдарлама биыл үлкен тележоба болып, 7-сәуірден бастап «Jibek joly» телеарнасының эфирінен «Ана болғым келеді» деген атаумен көрерменге жол тартады. 
Бұл жолы да жасы 45-тен аспаған, тұрмыс құрған, бірақ бала сүю бақытына бөленбеген және «Аңсаған сәби» квотасына ілікпеген 6 келіншекке көмектеседі. Жобаның басты ерекшелігі – әр сәтті эфирден көрсетіп, барлық ақпаратты реалити форматында көрерменмен бөлісу, мотивация сыйлау.

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Жалпы тақырыбы: 
Елімізде жыл сайын балалы болуды армандап жүрген отбасылар саны артып келеді. Өкінішке қарай, бедеулік – бүгінгі күннің өзекті проблемаларының біріне айналды. Сәби сүюдің соңғы мүмкіндігі – ЭКО! Алайда ЭКО арқылы ата-ана атану кез келген жанға бұйыра бермейді. Оған себеп – әртүрлі кедергілер.
ЭКО арқылы балалы болуға көмектесу үшін мемлекет тарапынан «Аңсаған сәби» жобасы жүзеге асырылады. Бірақ жоба аясында 7000 мың адамға ғана ЭКО жасауға мүмкіндік беріледі. Ал біз сол бағдарламаға ілікпеген, талдау нәтижелері сай келмеген әйелдерге тегін ЭКО жасауға көмектесеміз.

Мақсаты: 
ЭКО арқылы сәбилі болуды армандаған әйелдер арасында конкурс өткізіп, таңдап алынған жандарға дәрігерлермен бірге көмектесу. Алғашқы тексерістен бастап, балалы болғанға дейінгі әр сәтімен бөлісу. Қиындығы мен қуанышын, эмоциясы мен ішкі толғанысын көрсету. Оның ішінде ЭКО жасату, күтіну жолдары туралы кеңес беру.
 
Құрылымы: 
Деректі фильм жанрындағы жоба он бөлімнен тұрады. Әр ай сайын екі шығарылым эфирге шығып отырады. Алғашқы бөлімде 2022 жылы «Тегін ЭКО» бағдарламсы бойынша сәбилі болған келіншектер туралы баяндалады. Алдағы бөлімдерде 2023 жылы іріктеліп алынған кейіпкерлермен танысу, олар туралы толық ақпарат беріледі. Келесі шығарылымдарды кейіпкерлердің медициналық тексерістен өтуі, дәрігерлердің кеңес алуы, ЭКО процедуралар кеңінен тарқатылып, көрсетіледі. Кейінгі шығарылымдарды жүктіліктің алғашқы кезеңі, қиындығы мен қуанышы түсіріледі. Яғни, екі айлық мерзім, үш айлық мезім бойынша кезең-кезеңімен әр бөлімде алты кейіпкерлердің өмірі деректі және реалити-шоу жанрында эфирге шығып отырады. 
 
Жоба авторы және жүргізушісі – Ләйлә Сұлтанқызы:
«Өмірдің таңғажайып сыйы – сәби сүю, ана бақытын сезіну. Жобаның және менің мақсатым  – сол сезімді, ата-ана бақытын сыйлау».

Дәрігер-репродуктолог – Алмаз Ибрагимов:
«Мүмкін емес нәрсе жоқ, тек қана оған уақыт керек. Бұл өмірде бәрі мүмкін».