Экономика

Биыл кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде;

Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

"Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының "2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады" делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді", - деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына.

Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.