Саясат

"Бюджет қаржысын жымқырды": Мұхамедиұлының ісіне қатысты ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы 17 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінген Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі елорда сотына түсті.  

Оны Байқоңыр аудандық соты өндіріске алған. Алғашқы отырыс ашық болады және сәуірдің 17-сі таңғы 10:00-де өтеді. Мұхамедиұлынан бөлек қылмыстық іс бойынша тағы 3 адам күдікті деп танылған.

Былтыр 28 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған. Оған халықаралық көрмелер мен жобаларға бөлінген бюджет ақшасын қалтасына басты деген айып тағылды. Мемлекетке келтірілген залал - 7 миллиард теңге.