Әлем

Әлемдегі ең ерекше 5 мектеп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін керек. Қай елде оқысаңыз да, оқу орындарының көпшілігі бір-біріне ұқсайды. Бірақ әлемнің кей нүктелерінде бізге таңсық көрінетін мектептер бар.

m.fishki.net

m.fishki.net

Ашық кеңістік мектебі, Дания
Ең алдымен, бұл мектептің ғимарат құрылысының ерекше екенін айтып өту керек. Яғни, ішінде бөлек-бөлек орналасқан кабинеттер мен аудиториялар жоқ. Барлық мектеп оқушысы бір үлкен залда отырып сабақ оқиды. Еденге жарқын түсті жастықшалар қойылған. Мұнымен қатар, толықтай интернетпен қамтылған. Ғимараттың дизайніне таңырқамау мүмкін емес. Ортада тұрған баспалдаққа шығып, ғимарат ішінде өтіп жатқан сабақтарды бақылауға болады. 2007 жылы бұл гимназия Скандинавиядағы ең ерекше ғимарат деп танылды.

obrazovanie-gid.ru

obrazovanie-gid.ru

Жер асты мектебі, АҚШ
Мұғалім тақтаға шақырған кезде жерге кірердей ұялған кезіңіз болған шығар? Ал Солтүстік Вирджиния штатындағы шағын Рестон қаласындағы Террасет бастауыш мектебінің оқушылары қазірдің өзінде жер астында оқып жатыр. Мектеп өткен ғасырдың 1970-жылдарының ортасында АҚШ-та энергетикалық дағдарыс болған кезде салынған.
Құрылыс кезінде олар алдымен үлкен орман алқабындағы шағын төбені тегістеді. Сол жерге мектеп ғимараты тұрғызылады, содан кейін топырақ жамылғысы жылуды сақтайтындай етіп жабылады. Осылайша мұндағы оқушыларды жер асты балалары деп атауға болғанмен, оқу бағдарламасы өзге мектептермен бірдей.

aftershock.news

aftershock.news

Жартастағы мектеп, Қытай
Кейбір елдерде балалар мектепке өте қиын жолмен жетуге мәжбүр болады. Қытайдағы Сычуань мектебі таудың жартысында орналасқан. Сондықтан балалар сабаққа бір қатар болып тізіліп барып, түрлі кедергілерді еңсереді. Мектеп теңіз деңгейінен 2800 метр биіктіктегі жартаста орналасқан. Мектепке жету үшін бес ағаш баспалдақ бар. Балалар әдетте мұнда 5 күн оқып, үйлеріне 2 күнге барып қайтады.

travel.tochka.net

travel.tochka.net

Жүзетін мектеп, Бангладеш

Бангладеште су тасқыны жиі болатындықтан миллиондаған адамдар электр қуатымен және негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілмей жатады. Әрине, мұндай жағдайда балалардың мектепке баруы тіпті қиын. Жыл сайынғы су тасқынынан туындаған проблемалармен күресу үшін әлем еріктілерінен құралған ұйым 100-ге жуық қайықпен жүзу мектебін ашқан, олардың әрқайсысы күн батареяларынан қажетті энергияны алады, ноутбукпен, интернетке қолжетімділікпен және шағын кітапханамен жабдықталған. Бұл ретте мектептің өзі балаларды таңертең үйден алып, сабақтан кейін мектеп автобусы сияқты қайық арқылы үйлеріне апарады. 2002 жылы мұндай мектептер ашылғаннан бері оларда 80 мыңға жуық бала білім алып үлгерген.

Pinterest

Pinterest

Кеңсе – мектеп, АҚШ

Оқушыларды мектептен кейінгі үлкен өмірге дайындауымыз керек деген ұстаныммен жүретін Оңтүстік Каролинада орналасқан Карпе дием мектебі. Мектеп сыныптары кеңсе кабинетіне ұқсас жасалған. Мұнда компьютермен және оқушыға қажетті барлық құралмен жабдықталған 300 шағын кабинет бар. Carpe Diem оқушылары төрт жыл қатарынан Аризон тестінен үздік нәтиже көрсеткен.Американың басқа мектептеріндегі қатарластарына қарағанда үш есе жақсы оқиды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61