Саясат

Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан атауына үйрену үшін қазақстандықтарға уақыт қажет екенін айтты

Астана брендін бәріміз де жақсы көріп кеттік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтар Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қалай қабылдағанын айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды.

Қазақстандықтардың реакциясын бақыладым. Астана атауын өзгерту айтарлықтай пікірталас туғызғанын мойындау керек, соның ішінде теріс пікірлер де болды", - деді Абаев үкімет кулуарында.

Министр елорданың жаңа атауына үйрену үшін қазақстандықтарға уақыт қажет екенін айтты.

"Барлық процесс үшін белгілі бір уақыт қажет. Естеріңізде болса, Ақмоланы Астана деп өзгерткен кезде, түрлі пікір айтылып, мемдер пайда болған еді. Уақыт өткеннен кейін, Астана брендін бәріміз де жақсы көріп кеттік", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61