Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКөкшетауда жоғалған жасөспірім Астанада жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 жастағы Лейла Тойбазар биылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.
Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.
"Биылғы жылдың 7 сәуірінде жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ведомстводан.
Бұған дейін Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қызға іздеу жарияланғанын хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61