Әлем
Өзбекстанда лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі еңіске түсіп келе жатқанда жылдамдығы артып, аударылып, жарылып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай тіркемедегі өнімдер асфальтқа төгіліп, өртеніп кетті.
Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 6 сәуірде күндіз Ташкент-Ош халықаралық тасжолының 259-шақырымында, Камчик асуында болған. Сағат 11:10 шамасында соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, тағы үш көлікті соққан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.
"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағы жетіп, олар өртті 25 минут ішінде сөндірді. Өртті сөндіру кезінде асудың бір жағы уақытша жабылды", - деп түсіндірді министрлік.
Қозғалыс 12:30-да қалпына келтірілгені атап өтілді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам зардап шекті, олар жақын маңдағы медициналық мекемеге жатқызылды. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүргізуші жүк көлігінде қаза тапқаны белгілі болды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Видеоны МЫНА жерден көре аласыздар.