"Өскеменде жәбір көрген қыз суицид жасады" деген ақпарат тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде қаладағы сауда орталықтарының бірінде қатарластарынан таяқ жеген қыздың суицидке барғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді, деп хабарлады Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін зардап шеккен қыздың өлімі туралы алып қашпа әңгімелер тарады. Қала тұрғындарының кейбірі мұны рас көріп, желіде көңіл айтып жатты.

Аталмыш ақпаратқа қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Қаракөз Әбенова бұл факт шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Сонымен қатар полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің әжетханасында қызды аяусыз соққыға жығылған видео тараған. Кейін қалалық білім бөліміндегілер оқиғаны растап, ұрып-соғуды ұйымдастырғандардың кім екені анықталғанын мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61