Bugin
Ақмола облысында ағын суға батып кеткен трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр деп хабарлады Bugin.kz порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 7 сәуірде сағат 04:07 шамасында Бұланды ауданының Қараөзек ауылы маңында болды.
Трактор жүргізушісі тасып жатқан Қайрақты өзенінен өтпек болған. Алайда рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік су астында қалды, – деп мәлімдеді құқық қорғау органы.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.
Жолдың осы учаскесіне кірген кезде қызыл жолақтары бар екі бетон блок және «қозғалысқа тыйым салынады» деген жол белгісі орнатылған. Бұл ақпарат қазір тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Трактор жүргізушісі – Макинск қаласының 36 жастағы тұрғыны. Ол әріптесін еңбек ауысымынан кейін Қараөзекке үйіне апарып келе жатып, қайтар жолда осындай қиын жағдайға тап болған. Ер адамның жұбайы мен үш баласы үмітпен күтіп отыр.