Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобусты жүргізуші қол тежегішіне қоймаған. Аталмыш оқиғаға байланысты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жедел жиын өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жиын барысында басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға аталған оқиға бойынша жүргізушілердің назарына жеткізу мен жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары мен жүргізушінің міндеттері туралы қосымша және тұрақты түрде нұсқаулықтарды өткізу тапсырылды.
Жүргізушілер құрамы арасында кезектен тыс аттестациялау шараларын өткізу, тұрақты түрде бағыттардағы желілік бақылауды күшейту міндеттелді.
Сондай-ақ қаза тапқан отбасылардың жақындарына автопарк басшысы тарапынан барлық емдеу мен жаназа шығындарын өтеуге көмек берілетінін атап өтті.
Аталған жол-көлік апаты туралы айтқан жауаптылар жүргізушінің қоғамдық көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытып, әжетханаға кеткенін жеткізді. Бастапқы таратылған ақпаратта полиция автобустың тежегішке қойылғанын хабарлаған еді.
Еске салайық, 8 сәуір күні қаладағы Назарбеков және Бәйтереков көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Жүргізушісі жоқ автобус жолдың қарама қарсы бағытына шығып, 6 адамды қағып кеткен болатын.
Салдарынан 2 әйел мен жасөсіпірім оқиға орнында тіл тартпай кетсе, ал төртінші адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Бесінші адам аурухана төсегінде жантәсілім етті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61