Bugin

Танымал журналист қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда танымал журналист қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Дмитрий Терещенконың өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.

Журналистік қызмет еткен жылдары студенттік "Өркен" газетінде, "Надежда", "Приуралье", "Уральская неделя" газеттерінде, "Қазақстан Орал" телеарнасында тілші болып қызмет етті. Соңғы жұмыс орны республикалық "Литер" газетінде БҚО бойынша арнайы тілші қызметі болды.

Дмитрий Терещенкомен қоштасу 11 сәуірде сағат 12:30-да "Талап" ғұрыптық қызмет көрсету залында өтеді.