Bugin
Алматы облысында итті сүйреген ер адамның әрекетін куәгерлер байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға Алатау тасжолы бойында Тұздыбастау ауылында болған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кадрлардан елді мекен көшелерімен кетіп бара жатқан қызыл түсті көлікке байланға итті көруге болады. Қиналған жануар қан жоса болып, жүруден қалған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода куәгер көлік иесін тоқтатып, итті баудан босатып алғанын айтады.
Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты Талғар аудандық полиция басқармасында 316-бап "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша іс қозғағанын хабарлады.
"Соталды тергеп-тексеру жоғарыда аталған бөлімнің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы 1987 жылғы ер адам екені анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.