Bugin
"Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады", - делінген БОРТ1 Telegram-каналында, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.