Bugin

Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының Төле би ауданында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды. Ал жәбірленушінің анасы оқиға орын алған мектепте жұмыс істейді екен.  

Ауыл тұрғындары істің мән-жайы өзгеріп кете ме деп қорқады. Себебі 12 жасар күдіктінің туысы дәрігер болып жұмыс істейді. Мектеп директоры бұрын жұмыстан босатылған, бірақ медиациядан кейін қайта кірген көрінеді. Олар мектептегі аса ауыр қылмысты жасыруға тырысуда,- делінген жазбада. 

Дегенмен Түркістан облыстық ПД жағдайды растап отыр. Полиция бөліміне Төле би ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағанын айтып, арызданған. 
 
Аталған факт ҚК 121-бабы 3-1- бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркеліп, істің мән-жайы анықталуда.

29 наурызда Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны ұлына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағанын хабарлады. Бұл факт ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі – "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.