Әлем

Миллиардер Илон Масктың дәулеті бір аптада 15 млрд долларға азайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla акцияларының 11%-ға төмендеуі компанияның бас директоры Илон Масктың дәулетін миллиардтаған долларға азайтты, деп хабарлайды Bugin.kz Forbes-ке сілтеме жасап.

Маск өткен аптада 14,5 млрд доллар жоғалтты, оның таза байлығы 7%-ға төмендеп, 187,9 млрд доллар болды. Бұл – осы аптадағы барлық миллиардерлер арасында жалпы және пайыздық көрсеткіш ішіндегі ең үлкен төмендеу.

Бұған Tesla инвесторларының компанияның кірістілік болжамына күмән келтіргені себеп болған, өйткені тоқсандық есеп көлік құралдарының қоры осы жылдың басында күрт өскенін көрсеткен. Дегенмен, Маск АҚШ-тағы ең бай және әлемде дәулеті жағынан екінші адам болып қала береді.

Маск 2022 жылдың 4 сәуірінде Twitter акцияларының 9,2% үлесін сатып алғанын мәлімдегеннен бері Tesla акциялары 52%-ға арзандаған. FactSet мәліметінше, бұл – нарықтық капитализациясы 15 млрд доллардан асатын S&P 500 тізіміндегі барлық компания арасындағы ең ірі құлдырау. Масктың таза капиталы өткен жылғы сәуірден бері 100 млрд доллардан астам қысқарды, ал Tesla-ның нарықтық капитализациясы шамамен 1,2 трлн доллардан 600 млрд долларға дейін төмендеді.