Bugin

Ақтөбеде ауруханада лейкопластырь орнына скотч қолданған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар үшін лейкопластырь орнына скотч пайдаланып жүр деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақтөбедегі әлеуметтік желілердің бірінде өңір тұрғыны өз шағымын білдірді.

"Мен онкологиялық есепте тұрмын. Анализ тапсырған соң ине ізі қалған орынға лейкопластырь жапсыруы тиіс. Бірақ бөлім мен емханада лейкопластырь жоқ. Оның орнына кәдімгі скотч басып берді. Ал біз онкологиялық дертке шалдыққандарға миллиондаған қаржы бөлінетінін білеміз", - деп жазылған шағымда.

Кейін Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізді. 

"М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанындағы Медициналық орталық әкімшілігінің хабарлауынша, наурыз айында онкологиялық дертке шалдыққандардың жағдайын білу мақсатында кең көлемде қайта тексеру жұмысы жүргізілген. Сондықтан сынама алу саны артқан. 30 наурыз күні кейбір медициналық құрал, атап айтқанда лейкопластырь таусылып қалған. Құралға қосымша сұраныс берілді. Ресми жеткізуші қажетті затты үш күнде жеткізіп беруге келіскен", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.