ДАМУ

"Бір шаққаннан адам қайтыс болады": Бал арасы туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жер бетінде еңбекқор тіршілік иесі тек құмыртқа ғана десеңіз, қателесесіз. Бұл тізімге бал арасын да қосу керек.

Себебі, біз дүкеннен сатып алатын бір келі балға 10 миллион гүлдің шырыны қажет. Bugin.kz тілшісі аталмыш жәндік иесі туралы ең қызықты 5 деректі ұсынады.

Бар-жоғы 40 күн өмір сүретін аралар уақытын текке кетірмейді. Бірінші қясын әбден тазартып алып, бал жинауға кіріседі.

  • Ара өзінен 30-35 есе ауыр заттарды көтере береді;
  • Дені сау адамды тек 500-1000 мәрте шаққанда ғана өлтіре алады. Ал аллергиясы бар жандарды бір рет шақса жеткілікті;
  • Ашық дерек бойынша, мамандар бір жылдағы көрсеткішті есептеген. 365 күнде жылан шағып көз жұмғандардан, ара шағып қайтыс болған адам саны көп болып шыққан;
  • Аралардың көзі өте нашар көреді. Дәлірек айтқанда 1,5 метрді ғана анық байқайды. Тиісінше, иіс сезу мүшесі керемет дамыған. Сол арқылы жалғыз ара бір күнде төрт мыңға жуық гүлге қонып шығады;
  • Бір қасық бал жирнау үшін, күніне 200-ге жуық ара қызмет жасайды;

Бал арасы туралы қызықты деректер жетерлік. Ал күнделікті қолданатын балдың құрамында адам ағзасына керекті дәрумендер өте көп.