ДАМУ

Әдемі жазып табысты бола аласыз - Каллиграфпен сұқбат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Каллиграфия – әдемі жазу өнері. Алайда бұл шығармашылық түрімен айналысатындар саны елімізде көп емес. Солардың бірі алматылық Дана Дүйсембай. Bugin.kz тілшісі каллиграф маманмен сұқбаттасып, ерекше сала жайлы қызықты мәліметтер ұсынады.

Сүйікті кітабы - Ронда Бернның “Секрет(Құпия)” кітабы.

Сүйікті киносы - “Последняя миссия ангела” дорамасы

Сүйікті әні – BTS тобының  “Black Swan” әні

Сүйікті ісі: каллиграфия, йога, би, сурет салу.

Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>
Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>

23 жастағы Дана логистика мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған. Дегенмен 5 жылдан бері каллиграфиямен айналысады. Оқушы кезінен жазуы көркем бойжеткен өсе келе осы саланы меңгереді. Бүгінде әдемі жазу арқылы табыс тауып жүрген ол алғашқыда интернет желілерінен ақпараттар іздеген екен. Осы қызығушылығы бүгінде табыс көзіне айналған.

«2017 жылы каллиграф мамандардың жазғандарын қайталап салып жүрдім. Одан кейін шеберлік сағатына, курстарға қатыстым. 2019 жылдан бастап қана табыс табуға болатынын білдім. Содан кейін адамдар өздері хабарласып, тапсырыс бере бастады. Ең бірінші кофеханадағы қағаз стақандарға жазу жазған едім. Кейін мейрамхана, кофеханалардағы мәзір тақтасына сөйлемдер жаза бастадым.

Каллиграфияда қарапайым қылқаламнан бастап, қауырсын, брашпен, тіпті, айпадпен де жазу жаза беруге болады», - дейді ол.

Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>
Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>

Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

Данаға бүгінде қазақстандық және әлемдік брендтерден тапсырыстар түседі. Олар өз өнімдеріне әдемі жазумен тілек, құттықтаулар, тіпті, логотиптер жазғызады.

«Villa boutique, «Француз» үйі, Fashion bureau, WeNera, «Огонек» мейрамханасы, т.б. отандық брендтерден, сондай-ақ Louis Vuitton, Dior, Jo Malone, Moet&Chandon, YvesSaintLauren, Armani, Lancome, Valentino секілді әлемдік брендтерден тапсырыстар түседі», - дейді каллиграф.

Дана бұл саланы қанша уақытта үйренуге болатынын айтты.

«Каллиграфия үйрену үшін әдемі жазу иесі болудың маңызы жоқ. Кез келген қызығушылығы мен еңбекқорлығы бар адам үйрене алады. Біреулер 1-2 айда үйренсе, кейбірі 1 жылда каллиграф маманы болып шығады. Орташа 4-5 айда жақсы дәрежеде үйренуге болады», -дейді ол.

Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>
Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

/>

Фото: Дана Дүйсембайдың жеке архивінен

Дана әлеуметтік желіге шығармашылық жұмыстарын жариялап, осы ерекше саланың елімізде кеңінен таралуына да үлес қосып келеді.  

«Каллиграфиямен айналысқанда, жан рахатын сезінемін. Әдемілікті көргенде, көзімізді ала алмай қаламыз ғой, яғни бізге эстетикалық ләззат береді. Екіншіден, адамға арнайы қолмен жазылған шақыртулар, хат, ашықхаттар ерекше әсер, махаббат, қуаныш сыйлайды. Үшіншіден, каллиграфиямен айналысатын болсаңыз, зейін артып, мидың жұмыс істеу қабілеті жақсарады» - дейді көркем жазу шебері.

Оның  айтуынша, каллиграфиялық жазумен айналысатын жандардың денсаулығы да жақсара түседі екен. Тыныс алуы реттеліп, қан қысымы да қалыпқа келеді. Сұлулыққа құмартқан соң, жан-жақты болып, дүниетанымы да кеңейе түседі.