Bugin

Ақтөбеде пәтерден анасы мен ұлының мәйіті табылды: Күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінген адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол 31 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 29 наурыз күні сағат 5:30-да "102" телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабар түскенін жариялаған едік.

Жедел тергеу тобы пәтерден зорлықпен өлтірілген 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61