Bugin

Алтын мен күміс алқа иелері жәрдемақыны “SMS" арқылы қалай тағайындай алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Алтын алқа" немесе "Күміс алқамен" марапатталған аналарға жәрдемақы енді проактивті форматта тағайындалады. Мамандар министрлік жіберген смс арқылы жәрдемақыға құжаттың қалай қабылданатынын айтып берді деп хабарлайды Bugin.kz порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Енді аналар бұрынғындай ЦОН, яғни "Азаматтарға арналған үкімет" пен жергілікті әлеуметтік салаға жауапты департаменттің табалдырығын тоздырмай-ақ, құжатты үйден толтыра алады. Ол үшін небәрі министрлік жіберген “SMS" хабарламаға жауап берсеңіз жеткілікті.

“Ұялы телефон номері тіркелген болса, ол кісілерге қысқа мәтінді “Көпбалалы ана ретінде жәрдемақы тағайындауға құқыңыз бар” деген “SMS" хабарлама келеді”,- деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Ана мен баланы қолдау” басқармасының басшысы Гүлмира Жәкенқызы. 

Егер ресми түрде алтын немесе күміс алқамен марапатталғаныңыз жайлы ақпарат келсе, шұғыл түрде “SMS" хабарламаға жауап беруіңіз қажет. Ол әдеттегідей 1414-тен келеді. Ары қарай есепшотыңызды таңдап, сол күннен бастап жәрдемақы тағайындалады. Бұған дейін құжатқа 2 аптаға жуық уақыт кететін. Министрлік қазір небары бір күнде шешілетінін айтады.

Ал егерде хатқа жауап үш күннің ішінде берілмесе, әдеттегідей ЦОН-ға барып, құжат тапсыруға тура келеді.

Алтын және күміс алқа алты немесе жеті балаңыз бір жасқа толғаннан кейін ғана берілетін марапат. Алдағы уақытта аналарымызға жаңа әлеуметтік кодекс аясында наградталған ана статусы беріледі. Оның да бөлек жәрдемақысы болады. 

Еңбек министрлігінің айтуынша, көпбалалы отбасының бір баласы 18 жасқа толса, жәрдемақы автоматты түрде тоқтайды. Десе де 23 жасқа дейін де созуға болады. 

“Жанұяның құрамында 18 жасқа толған жоғарғы немесе орта кәсіби білім беретін күндізгі оқу орнында оқитын студент баласы болса, жәрдемақы сол студент 23-жасқа толғанға дейін төленеді”,- деді Гүлмира Жәкенқызы.