Bugin

Жаңаөзенде бірнеше адам жолды жапқаны үшін қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзенде 12 сәуірде бір топ адам жолды жапқандықтан қамауға алынды деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше азаматтар "профилактикалық әңгіме" жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілген. 

"12 сәуірде таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азамат көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады. Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді. Мұндай іс-әрекет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы "Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру" бойынша шара қолдануға және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады", – делінген хабарламада.