Әлем
Армения мен Әзірбайжан шекарасында әскери қақтығыс болды. Екі жақтан да қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости. басылымына сілтеме жасап.
Екі елдің әскери ведомстволары шекараға жақын Горис және Лачин қалаларының арасында орналасқан Тех ауылы аумағында болған оқиғаға байланысты бірін-бірі айыптап отыр.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігі үш сарбаздың қаза тапқанын, ал Арменияның қорғаныс министрлігі төрт әскери өліп, алтауы жараланғанын хабарлады.
Армения сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, әзербайжандық әскери қызметшілер шекарадағы әскерді орналастыру пункттерін түзетеміз деген желеумен армян әскерилеріне жақындаған, содан кейін оқ жаудырған.
Арменияның әскерилері жауап қайтарып, ел аумағын қорғады, деп атап өтті сыртқы саяси ведомство.
Еске салайық, 10 ақпан күні Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-ЖомартТоқаевпен кездесу үшін Қазақстанға келген еді.